Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда мәжіліс депутаты ұстаздармен кездесті

Көкшетауда мәжіліс депутаты ұстаздармен кездесті

Меруерт Қазбекова алдымен «рухани жаңғыру» аясындағы бағдарламалар орталығының жұмысымен танысты. 

Меруерт Қазбекова алдымен «Рухани жаңғыру» аясындағы бағдарламалар  орталығының жұмысымен танысты. Орталық өз қызметін 1 ай бұрын бастаған. Мақсат өңірдегі «рухани жаңғыру» аясындағы іс-шаралар кешенін бір орталықтан басқарып, тиісті жұмыстың атқарылуын қамтамасыз ету.

Бұдан кейін, Парламент өкілі ұстаздар қауымымен кездесуге асықты. Жиын қатысушылары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Мәжіліс депутаты рухани жаңғыру ұлттың бәсекеге қабілеттілілгі, іскер азаматтар санының артуына себепкер болады, — дейді.

Жиын соңында Меруерт Қазбекова мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы алдағы күз айларында аудандардан келген ұстаздарға арнап кездесу өткізуге уағдаласты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version