Меруерт Қазбекова алдымен «Рухани жаңғыру» аясындағы бағдарламалар орталығының жұмысымен танысты. Орталық өз қызметін 1 ай бұрын бастаған. Мақсат өңірдегі «рухани жаңғыру» аясындағы іс-шаралар кешенін бір орталықтан басқарып, тиісті жұмыстың атқарылуын қамтамасыз ету.
Бұдан кейін, Парламент өкілі ұстаздар қауымымен кездесуге асықты. Жиын қатысушылары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Мәжіліс депутаты рухани жаңғыру ұлттың бәсекеге қабілеттілілгі, іскер азаматтар санының артуына себепкер болады, — дейді.
Жиын соңында Меруерт Қазбекова мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы алдағы күз айларында аудандардан келген ұстаздарға арнап кездесу өткізуге уағдаласты.