Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда ауыл...

Көкшетауда ауыл шаруашылығына қажетті техникалар шығарылуда

Үстіміздегі жылдың жеті айында құны 7 миллион теңгенің 300-ге жуық техникасы құрастырылған. Ал, олардың түрлеріне тоқталсақ әзірге алтау ғана. Бүгінгі жасалып отырған ниеттестік шарты кәсіпорынның осы тараптағы жұмысының көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр.

Ауыл шаруашылығы Министрлігі, «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігі және «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» арасындағы үш тарапты әріптестік туралы ниеттестік шарты арқылы алдағы уақытта Көкшетаудағы аталмыш индустриалдық технологиялық паркте шығарылатын техника санын тағы да алты түрілі агрегатпен толықпақ.

Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын техниканың аясын кеңейтуді қазіргі уақыттың өзі талап етіп отыр. Әрі аграрлар үшін де қажетті көлік пен құрал жабдықтарды алу үшін жеңлдетілген несие беру ісі де мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Нақтырақ айтсақ, бұрындары лизинг 5 жыл мерзіміне 16-20 пайызбен берілетін болса, қазір отандық техниканы сатып алу үшін оның мөлшері 5,5 пайызға дейін жеңілдетілген.

Айта кетейік, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп жұмыстары үшін қажетті жүк машиналарын шығаратын Қазақстан-Ресей бірлескен жобасы – «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ-ы ырғақты жұмыс істеп тұр. Өткен жылы кәсіпорын 9,9  миллиард теңгенің өнімін шығарды. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,1 пайызды құрайды.

Облыс бюджетін толықтыруға айтулы үлес қосатын ірі кәсіпорындардың бірі «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ы да өндіріс көлемін өткен жылғы деңгейден біршама асырып, бүгінгі күнге дейін 12,2 миллиард теңгенің өнімін өндірді.  Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп орындары үшін түрлі сыйымдылықтағы қапшық шығаратын «Новопэк» серіктестігі, металл конструкцияларын жасайтын «Көкше» АҚ-ы, астық өңдеп, ұн тартатын «Agrimer-Astyk» серіктестігі сияқты ірі кәсіпорындар да табысты жұмыс істеп, өндіріс көлемін біршама өсіруге қол жеткізді. Тұрғын үй көптеп салынды, қала жаңарып, жасанды.