Әуесқой велошабандоздың шеруі Бурабай өңірінің Абылайхан алаңынан бастау алды. Елордаға қарай бастаған жолда бірінші Бұланды ауданына аялдайды. Оған жеткенше велошабандозға атқосшы серік болады. Ол жолай қауіпсіздік шарасымен қамтамасыз етіп, алғашқы серіктері қосылатын аялдамаға дейін аман-есен жетуін қадағаламақ.