Басты бет Қоғам Жерге алып астероид жақындап келеді

Жерге алып астероид жақындап келеді

1 қыркүйек күні көлемі бір қаламен пара-пар Флоренс астероиды Жерге барынша жақындайды. Бұл туралы шетелдік newsday24.ru агенттігі хабарлады.

Астероидтың диаметрі 4,4 шақырымға жуық, көлемі жағынан шағын қаламен пара-пар. Аспан денесі ғаламшардан жеті млн шақырым жерден ұшып өтеді, ғарыш өлшемі бойынша бұл өте жақын ара қашықтық.

Калифорния технология институты жанындағы реактивті қозғалыс зертханасындағылар атап өткендей, Флоренс Жерге еш қауіп төндірмейді.

«Жерге жақын ұшқан астероидтар өте көп, алайда олардың барлығы Флоренстен кіші болатын. NASA-ның астероидтарды бақылау бағдарламасы басталғалы бері бұл Жерге жақындаған алғашқы ірі астероид», — дейді мамандар.

Заманауи телескоптар аталған аспан денесінің үстіңгі қабатын түсіріп алуға мүмкіндік береді.

Осыдан кейін Флоренс астероиды Жерге шамамен 500 жылдан кейін ғана жақындайды екен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version