Алматыда жүзуден қала чемпионаты өтті

Бүгін Конституция күніне орай, «Рахат» орталық жүзу бассейнінде 1999-2005 жылғы балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден қала біріншілігі өтті.

Жүзу бассейн
©Ақпараттық-спорттық хаб

Бұл чемпионаттың басты мақсаты – үздік спортшыларды анықтау, қаладағы жүзу спортын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Қала чемпионаты ҚР жүзу Федерациясы және Халықаралық жүзу федерациясының регламентіне сәйкес ұйымдастырылды.

“Жарыс биылғы маусымды ашты. Чемпионат күзгі жаттығуларға дайындық ретінде өткізіледі. Әлбетте, мұндай жарыстарға Баландин секілді спорт шеберлері қатыспайды, сонымен қатар, спортшылардың басым бөлігі халықаралық жарыстарға аттанған. Бірақ, дегенмен, қаламыздың үздік жүзу шеберлері қатысты. Біз үшін бұл чемпионат өте маңызды, өйткені біз қала құрамасына үздіктерді іріктейміз”, -дейді Алматы қаласының жүзуден бас бапкері Александр Сергеевич.

Жарысқа БЖСМ, БЖСМОР, ДБИМ және Алматының спорт клубтарына қатысып жүрген спортшылар өзара мықтыны анықтады. Біріншіліктің бағдарламасына 100 м баттерфляй, 200 м еркін жүзу, 200 м арқамен жүзу,

200 м брасс және 200 м комплекстік жүзу кірді.

“Бірнеше қашықтықты жүзіп өттім, түрлі стильдерде. Жалпы, чемпионат жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Жазғы дайындықтан кейін жақсы жарыс деп ойлаймын. Біз жаз бойы, демалассыз Азия чемпионатына дайындалдық. Сондықтан, бұл жарыс айтулы, көптен-күткен дода алдында жаттығу үшін керемет мүмкіндік”-деді жарыс жеңімпазы мен жүлдегері Елмұрат Римханұлы.

Чемпионат Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

“Осы спорт түрімен үш жылға жуық шұғылданамын. Бүгінгі чемпионат мен үшін аса маңызды, алдағы жарысқа дайындық деп ойлаймын. Қыркүйектің 6-сы күні, Ташкентке, Азия чемпионатына аттанамыз. Жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделермен елге ораламыз деген үміттемін. Мен арқамен жүзу, еркін жүзу, баттерфляй және комплекстік жүзуден төрт алтынды олжаладым, нәтижелеріме ризамын”,- деп өз ойымен бөлісті төрт алтын медаль иегері Алина Костенко.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары:

Арқамен жүзу, 200 метр:

2001-02 жж. ұлдар:

I – Дмитрий Куликов

II – Диас Игасанов

Қыздар:

I – Анастасия Резванцева

II – Корлан Амирханова

III – Диана Абдреева

2003 жж. ұлдар:

I – Елмұрат Римханұлы

II – Сергей Имощенко

III – Никита Живица

Қыздар:

I – Алина Костенко

II – Мария Сагынтай

Баттерфляй 2001-02 жж. ұлдар:

I – Эрик Завизион

II – Тимур Кадыров

Қыздар:

I – Корлан Амирханова

II – Камилла Валиева

III – Евгения Дин

2003 жж. ұлдар:

I – Руслан Николенко

II – Сергей Лиющенко

III – Бекзат Өзбеков

Қыздар:

I – Алина Костенко

II – Яна Матвеева

III – Юлия Абдракова

Брасс, 1999-2000 ұлдар:

I – Данил Ли

II – Филипп Циттеркопф

2001-2002 жж. ұлдар:

I – Рахимжан Ашбаев

II – Эрик Завизион

III – Алан Аймұxамбетов

Қыздар:

I – Камилла Валиева

II – Снежана Калагикова

III – Евгения Дин

2003 жж. ұлдар:

I – Сергей Присежнюк

II – Руслан Николенко

III – Елмурат Римханулы

Қыздар:

I – Альджеди Наурызбаева

II – Юлия Абдразакова

III – Виктория Каржавова

Еркін жүзу, 2001-2002 жж. ұлдар:

I – Лев Черепанов

II – Рахим Агибаев

III – Егор Макешин

Қыздар:

I – Әміржанова

II – Настя Печенкина

III – Резванцева