Көкшетауда көшбасшы әйелдер мектебі ашылды

Әйел қоғамда, бизнесте, саясатта және отбасында. Көкшетауда ашылған мектепте осы төрт бағыт бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Жоба 12 оқыту курсынан тұрады.

Қатысушыларға түрлі ұйым басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер дәріс оқымақ. Олар бизнесті бастау, заңнаманы түсіндіру сынды өзекті сұрақтар бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі. Мектеп жұмысына қыз-келіншектердің қызығушылығы жоғары. Осы жолғы курсқа 30 нәзік жанды жазылыпты.

Сабақтардың форматы сан алуан. Түрлі тренингтер, сапалы шеберлік сағаттар арқылы барлық қатысушының бойына көшбасшылық дағдыларды дарыту көзделген. Курстар 3 айға жалғасады.