Басты бет Мәдениет «Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» деректі фильмі жарыққа шықты

«Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» деректі фильмі жарыққа шықты

Аталмыш фильм кейіпкерлерінің тағдырынан Алматы облысының экономикалық жағдайы, тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы нарықтың хал-ахуалы, жергілікті кәсіпкерлердің бизнес-жобалары, облыстың инвестициялық тартымдылығы туралы білуге болады. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

©Inform.kz

«Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» фильмі Қазақстанның 25 жылдығына арналған. Фильмнің тұсаукесері Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде өтті.

Фильм сценарийі жергілікті тарихшылардың сұхбаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты және танымал тұлғалардың зерттеулері арқылы жазылған. Ол үш ай көлемінде түсірген. Түсірушілердің айтуынша, кейбір сюжеттерді қайта түсіруге тура келген.

«Кино түсіру оңай шаруа емес. Оған уақыт пен қаражат керек. Деректі фильм болғандықтан, оған актерлер емес, қарапайым адамдар түскен. «Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» фильмінің басты мақсаты — осы тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қарыштап дамығанын көрсету», — деді кинорежиссер, «Танарис» кинокомпаниясының директоры Сергей Жұмабайұлы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version