«Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» фильмі Қазақстанның 25 жылдығына арналған. Фильмнің тұсаукесері Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде өтті.
Фильм сценарийі жергілікті тарихшылардың сұхбаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты және танымал тұлғалардың зерттеулері арқылы жазылған. Ол үш ай көлемінде түсірген. Түсірушілердің айтуынша, кейбір сюжеттерді қайта түсіруге тура келген.
«Кино түсіру оңай шаруа емес. Оған уақыт пен қаражат керек. Деректі фильм болғандықтан, оған актерлер емес, қарапайым адамдар түскен. «Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» фильмінің басты мақсаты — осы тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қарыштап дамығанын көрсету», — деді кинорежиссер, «Танарис» кинокомпаниясының директоры Сергей Жұмабайұлы.