Мұқағали Мақатаев пен Лашын Әзімжанова
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен Лашын ханым 1948 жылы Ұлы Октябрь революциясының 31 жылдығына орай, колхоздың талантты жастары мен ұстаздар коллективінің қатысуымен ұйымдастырылған концертте танысып, 1949 жылы отау құрады.
Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа Мұхамедсадыққызы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік серігі — Александра Ивановна. Орыс ұлтының қызы Ахмет Байтұрсынұлымен 1896 жылы Троицк қаласындағы мешітте некелесіп, ислам дінін қабылдаған соң Бадрисафа Мұхамедсадыққызы есімін иеленіпті. Бадрисафа (араб тілінде кiршiксiз, таза) деген мағына береді.
Ахмет Байтұрсынұлының Бадрисафа Мұхамедсадыққызымен алғашқы таныстығы Ұлы Октябрь революциясы алдында патша цензурасының назарына iлiгіп, сезiктi адам ретiнде түрмеге қамалуынан бастау алған. Сол кезде Александра есiмдi орыстың қызы қамаудағы Ахмет Байтұрсынұлына әртүрлi амал-айламен тамақ жеткiзiп, жанашырлық көрсетедi. Осылайша таныстықтан кейiн ғашықтар бiр-бiрiн ұғынысып, ұнатып, шаңырақ көтерген.
Өкініштісі, бір-біріне деген сүйіспеншілігі ерекше жұптың баласы болмаған. Бірақ қолдан келер қайран бар ма, адал жардың кінәсіз айдалып кеткенін көтере алмаған Бадрисафа өмірінің соңында есінен айрылып, Қостанай ауруханасында өмірден өтіпті.
Сәкен Сейфуллин мен Гүлбаһрам Батырбекқызы Сейфуллина
Сәкен Сейфуллин өмірлік серігімен танысқанда, Гүлбаһрам Совпарт мектебінде оқитын он жеті жастағы өрімдей жас қыз болған. Гүлбаһрамның қара көздері, бұраң белі және қос бұрымы, көз алдынан кетпеген дәл осы бейнесі «Совпарттағы қарындасыма» атты танымал өлеңінің алғашқы жолдарын жазуға итермелеген еді…
Төркініне жалғыз ұлы Аянмен бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеген.
1937 жылдың қыркүйегінде Сәкен Сейфуллин «халық жауы» атанып, тұтқынға алынады. Сол кезде Гүлбаһрамнан барлығы бас тартып, ол өз туған-туыстарына кетуге мәжбүр болады. Төркініне жалғыз ұлы Аянмен бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеген. Гүлбаһрам дүниеден өткен соң, 10 жылдан кейін ғана Аянның қабірі табылған.
Гүлбаһрам көзі тірісінде іс-түссіз жоғалып кеткен Сәкеннің тағдырын білу үшін ІІХК-на бірнеше рет барған. Гүлбаһрам Сәкен Сейфуллинді соңғы рет 1938 жылы 8 ақпанда көрген. Жары мен ұлын келмеске әкеткен заман оның жүрегіне жазылмас жара қалдырды…
Тұрар Рысқұлов пен Әзиза Рысқұлова
Әзиза Рысқұлова Алаш қайраткері, 1918 жылы 24 жасында Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күрес Орталық Комиссияның төрағасы болып сайланған, Шығыс Түркістан Автономиялық Республикасының басшысы Тұрар Рысқұловқа жеті жыл серік болған.