Қазақ зиялыларының мөлдір махаббаты

Мұқағали Мақатаев пен Лашын Әзімжанова  

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен Лашын ханым 1948 жылы Ұлы Октябрь революциясының 31 жылдығына орай, колхоздың талантты жастары мен ұстаздар коллективінің қатысуымен ұйымдастырылған концертте танысып, 1949 жылы отау құрады.

Лашын Әзімжанова ақын туралы: «Мұқағали бала ұстауға да, күтуге де шебер болды. Шолпанымыз туған соң мен бір жылдан кейін жұмысқа шығып кеттім. Соны әкесі мен балалар күтіп, мені іздетпеді. Мұқағали балаларын жанынан бетер жақсы көрді. Даладан қандай ашуланып келсе де балаларын көргенде майдай еритін. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Айбар деген баламыз өте қыңыр, шатақ болып өсті, бірақ Мұқағали Айбар десе, ішкен асын жерге қойды, тіпті оның сондай шатақ мінездеріне сүйсініп оты­ратын. Ең кішкенеміз Шолпан деген қызды «Менің кішкентай поэзиям» деп кетті. Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға шығуды, балық аулауды өте жақсы көрді», — деп еске алады.

Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік серігі — Александра Ивановна. Орыс ұлтының қызы Ахмет Байтұрсынұлымен  1896 жылы Троицк қаласындағы мешітте некелесіп, ислам дінін қабылдаған соң Бадрисафа Мұхамедсадыққызы есімін иеленіпті. Бадрисафа (араб тілінде кiршiксiз, таза) деген  мағына береді.

Ахмет Байтұрсынұлының Бадрисафа Мұхамедсадыққызымен алғашқы таныстығы Ұлы Октябрь революциясы алдында патша цензурасының назарына iлiгіп, сезiктi адам ретiнде түрмеге қамалуынан бастау алған. Сол кезде Александра есiмдi орыстың қызы қамаудағы Ахмет Байтұрсынұлына әртүрлi амал-айламен тамақ жеткiзiп, жанашырлық көрсетедi. Осылайша таныстықтан кейiн ғашықтар бiр-бiрiн ұғынысып, ұнатып, шаңырақ көтерген.

Өкініштісі, бір-біріне деген сүйіспеншілігі ерекше жұптың баласы болмаған. Бірақ қолдан келер қайран бар ма, адал жардың кінәсіз айдалып кеткенін көтере алмаған Бадрисафа өмірінің соңында есінен айрылып, Қостанай ауруханасында өмірден өтіпті.

Сәкен Сейфуллин мен Гүлбаһрам Батырбекқызы Сейфуллина

Сәкен Сейфуллин өмірлік серігімен танысқанда, Гүлбаһрам Совпарт мектебінде оқитын он жеті жастағы өрімдей жас қыз болған. Гүлбаһрамның қара көздері, бұраң белі және қос бұрымы, көз алдынан кетпеген дәл осы бейнесі «Совпарттағы қарындасыма» атты танымал өлеңінің алғашқы жолдарын жазуға итермелеген еді…

Сәкен тұтқындалғанда, Гүлбаһрам 28 жаста болған.  Көптен күткен тұңғыш қыздары – Лаура 1929 жылы дүниеге келіп, бірақ ауруға шалдығып, 1932 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болған. Ұлы Аян 1936 жылы қараша айында дүниеге келген. Сәкеннің баласына Аян есімін Мұхтар Әуезов берген.

Төркініне жалғыз ұлы Аянмен  бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеген.

1937 жылдың қыркүйегінде Сәкен Сейфуллин «халық жауы» атанып, тұтқынға алынады. Сол кезде Гүлбаһрамнан барлығы бас тартып, ол өз туған-туыстарына кетуге мәжбүр болады. Төркініне жалғыз ұлы Аянмен  бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеген. Гүлбаһрам дүниеден өткен соң, 10 жылдан кейін ғана Аянның қабірі табылған.

Гүлбаһрам көзі тірісінде іс-түссіз жоғалып кеткен Сәкеннің тағдырын білу үшін ІІХК-на бірнеше рет барған. Гүлбаһрам Сәкен Сейфуллинді соңғы рет 1938 жылы 8 ақпанда көрген.  Жары мен ұлын келмеске әкеткен заман оның жүрегіне жазылмас жара қалдырды…

Тұрар Рысқұлов пен Әзиза Рысқұлова

Әзиза Рысқұлова Алаш қайраткері, 1918 жылы 24 жасында Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күрес Орталық Комиссияның төрағасы болып сайланған, Шығыс Түркістан Автономиялық Республикасының басшысы Тұрар Рысқұловқа жеті жыл серік болған.

Бұл туралы Әзиза ханым: «Тұрармен бірге жүрген жылдар ақыры менің өмірімнің ең бір тамаша кезеңі, адам баласы дүниеге келген сәттен-ақ жар салып іздеп келер бақыт дейтін құсты басыма қонақтатқан жылдар болды», — деп еске алады.