Қарағанды шахтасында үш адам қаза тапты

31 тамыз күні таңда Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасында оқыс оқиға орын алды. Шахтада болған жарылыстан үш адам қаза тапты.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада таңғы сағат төрттің шамасында кенеттен метан газы ауа таралып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша онда 136 адам болған.

«Апатты аймақта төрт адам қалып қойған. Қазір қолда бар мәлімет бойынша шахта жұмысшылары үш адамның мәйітін тауып алған. Оқиға орнында ҚР ИДМ ҚР ИДМ индустриялды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандандары жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебі анықталуда», — деп жазылған хабарламада.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version