Мәлік Мырзалин ақмолалықтарды Конституция күнімен құттықтады

Бүгін қалалық «Менің Қазақстаным» сәулеттік композициясы алаңында Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Ары қарай Ақмола облысына мол еңбегі сіңіп жүрген азаматтарға әкім алғыс хат, ал 16 жасқа толған жасөспірімдерге салтанатты түрде жеке куәліктерін табыс етті.

Мерекенің жалғасы әсем әнмен жалғасын тапты. Сонымен қатар, көк байрағымызды желбіреткен автокөліктер, велошабандоздар мен байкерлер облыс орталығының басты көшелерінде велошеру ұйымдастырды. Ал қала тұрғындарын кешке мерекелік концерт күтіп тұр.