Фируза Шәріпова рекордтар кітабына енді

Фируза Шариповаға кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енгені туралы сертификат тапсырылды.

көрнекі сурет

Бұл туралы «QAZSPORT» телеарнасының ресми сайты хабарлады.

Сертификатты Қазақстан рекордтар кітабының Астана қаласындағы өкілі Қуандық Құдайбергенов спортшының қолына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Фируза Шарипова 26 тамыз күні жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін өткен жарыста болгариялық Милена Колеваға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан боксы тарихында мұндай болмаған, Фируза Шарипова — кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы және қазіргі уақытта әйелдер арасындағы Қазақстаннан шыққан жалғыз чемпион.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version