Қазан айында»Аға ма, әлде неке ме?» фильмі жарыққа шығады

«Аға ма әлде неке ме?» ("Брат или брак") фильмі 26 қазаннан бастап көрсетілетін болады. Басты рөлдерде Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин мен Тәуекел Мүсілім ойнайды. Жаңа туындының авторлары фильмнің трейлерін желіге жүктеп үлгерді.

"Аға ма, әлде неке ме?"

Картинаның қоюшы-режиссері — «Өгей жүрек», «Сүйе білсең» және «Қазақ аруы» хикаяларын түсірген Ернар Нұрғалиев. Фильм өндірісімен Corich production продюсерлік орталығы айналысты.

«Аға ма әлде неке ме?» фильмі Алматы қаласында түсірілді. Түсірілім биылғы жылдың 26 мамыры мен 29 маусым аралығында өтті. 26 қазаннан бастап аталған фильм еліміздің барлық кинотеатрларында айналымға шығатын болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!