Фильмдегі ағайынды Арман мен Арсеннің рөлін Мұрат Бисенбин мен Нұрлан Батыров сомдады.
«Комедия жанры мен үшін жаңалық болды. Менің ерекше образымды көргендер таңғалатын шығар. Фильмнің сюжеті бойынша 30 жастан асқан ағайынды жігіттердің бойдақ жүргендеріне ата-аналары алаңдайды. Бір күні әкелері «үйленебесеңдер мұрасыз қаласыңдар» деп шарт қояды. Сол кезден бастап Арман мен Арсен әрекетке көшеді. Мен сомдайтын кейіпкердің түрі сұсты болып көрінгенімен, әзілге жақын»,-деп түсіндірді актер Мұрат Бисенбин.
«Мұрагерлікке қалған махаббат» — Нұрлан Батыровтың комедиядағы дебюті.
Фильмде Альбина Оганесян, Мөлдір Мекенбаева және Эдуард Табишев те ойнайды.
Актер Мұрат Бисенбин 29 тамыз күні айналымға шыққан «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінен кейін режиссердің «Саяхатшы» атты басқа картинасына да түскен.