Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Солтүстік Корея Жапонияның үстінен зымыран ұшырды

©KOREA NEWS SERVICE

Зымыран Пхеньян Сунан маңындағы полигоннан атылған. Ол Жапонияның үстімен өтіп, Хоккайдо аралынан бір мың шақырым жердегі Тынық мұхитына барып құлады. Қару 2 мың жеті жүз шақырым қашықтыққа дейін ұшқан.

Токио үкіметі бұл оқиғаға байланысты барлық қажетті шараларды қолға алатынын мәлімдеді. Солтүстік Кореяның зымыраны Жапония үстімен соңғы рет 2009 жылы ұшырылған болатын. Бірақ, Пхеньян үкіметі жер серігін ұшырдық деген сылтаумен айыбын мойындамаған еді.

 «Баллистикалық зымыран біздің елдің үстімен өтіп, бұған дейін болмаған үлкен қауіп төндіріп отыр.  Ол сондай-ақ Азия Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қатер. Сондықтан біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі арқылы, АҚШ және Оңтүстік Кореямен бірігіп әрекет етеміз»,- дейді Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Ёсихиде Суга.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version