Агрокәсіпорынның 20 жыл уақыт бойы табысты дамуы кәсіпорында қызмет ететін үш мың адамның болашаққа сеніммен қарауына мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2003 жылы Агроөнеркәсіп TNK ірі компанияларының құрамына «Урожай» ЖШС қосылған. Бұл астықты қабылдаумен, сақтаумен және ұсақтаумен айналысатын ірі компаниялардың бірі саналады. Кәсіпорынның иелігінде үш элеватор, үш диірмен және жем зауыты бар. Барлық өндірістік қуаты заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2014 жылы «Урожай» ЖШС ТМД елдерінің қатарында ресми түрде ең ірі дайындаушы кәсіпорын ретінде танылған.
Қазіргі уақытта кәсіпорын 25000, 50000, 196000 тонна қуаттылығымен 3 элеватор жұмыс жасайды. Сонымен қатар, астықты сақтаумен және өңдеумен айналысады. Осы мақсаттар үшін диірмендер салынған. Алдағы уақытта диірменнің қуатылығын арттыру көзделуде. Бұл жақын арада және жоғары дәрежеде болатыны сөзсіз.
Кәсіпорынның перспективалық жоспарында басты басымдықтарының бірі — халыққа сапалы және қолжетімді бағамен табиғи өнімдер ұсынатын сауда нүктелерін дамыту болып табылады. Қазірдің өзінде елді мекендерде наубайхана жұмыс істеп, тұрғындарды нанмен толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жем зауыты сәтті жұмыс жасайды.
Айта кетейік, «Агрофирма TNK» — ның барлық өнімдері экологиялық таза және өзінің денсаулығын ойлайтындар үшін жарамды болып келеді.