«Марко Поло» кинофестивалі тамыздың 23 мен 27 аралығында Хорватияда өтті. Сондай-ақ, аталған кинотуынды «Ең үздік сценарий» және «Көрермендер көзайымы» жүлделерімен марапатталды.
«Анаға апарар жол» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир» ЖШС-мен бірлесе түсірілген. Кинода өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдыры баяндалады. Картинаның режиссері — Ақан Сатаев.
Қазақстандық делегация құрамында «Анаға апарар жол» фильмінде басты рөлдерді сомдаған актерлер Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, картинаның продюсері Жарасхан Күлпиенов, сондай-ақ, Хорватиядағы ҚР елшілігінің қызметкерлері болды.
Айта кетейік, биыл фестивальге Әзірбайжан, Болгария, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия, Хорватия және басқа да елдерден келген фильмдер қатысты.