Василий Левит ширек финалға жолдама алды

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Василий Левит Әлем чемпионатының үшінші күні алғашқы жекпе-жекте бразилиялық Жуан Гонсалвешты жеңді.

«Негізгі міндет – демалып, барлық үш раунд жұмыс істеп, рингті сезіну болатын. Одан әрі дайындалатын боламыз. Алдымызда мені одан да ауыр жекпе-жектер күтеді», — деді қазақстандық боксшы.

Левиттен бөлек Әлем чемпионатындағы жекпе-жектерін сондай-ақ Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Жомарт Ержан (49 келі) мен Қайрат Ералиев (56 келі) өткізген болатын. Қарсыластарынан басым түскен олар, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Василий Левит 29 тамыз күні өтетін ширек финалда австралиялық Джейсон Уотелимен кездеседі.

Дереккөзsputniknews.kz