Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаңа...

Алматыда жаңа оқу жылынан бастап «Өлкетану» курсы енгізіледі

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа оқу жылында «Өлкетану» курсы енгізілмек. Бұл туралы Алматыда өткен мұғалімдердің тамыз кеңесінде айтылды.

Тамыз кеңесінде қала әкімі Бауыржан Байбек жаңа оқу жылында білім беру бағыты «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделуі тиіс екенін айтты.

«Жалпы жаңа оқу жылында жастарға сапалы білім беруде негізгі бағыт – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдықтарына негізделуі тиіс. Алдағы екі жылда тек жеке инвестордың қаржысы есебінен тұрғын үй кешендерін салу барысында 7 мыңнан астам орындыққа 54 балабақша салынатын болса, оның ішінде 3 мыңға жуық орынға арналған 24 балабақша мемлекеттік меншікке берілетін болады. Ол 23 млрд теңгеден астам мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», — деді қала әкімі.

Айта кетейік, курс Алматы қаласының 5 мектебінде пилоттық жоба ретінде жүреді.

Дереккөз24.kz