«I’m A Singer Kazakhstan» жобасының көрермендеріне кастинг жарияланады

«31 арна» күзде өтетін «I’m A Singer Kazakhstan» жобасының көрермендеріне кастинг жариялайды.

Арнаның бас директоры Бағдат Қожахметовтің айтуынша, жобаға қатысатын елдердің әрқайсысынан көрермендер келеді.

«Бұл жобада үздіктерді іріктеудің бүгінгі таңдағы ең демократиялық және объективті әдісі жасақталған. 300-ден аса адам шоудың әрбір эпизодында қатысушыларға дауыс беру мүмкіндігіне ие болады. Залда музыканы түсінетін, өнерді бағалайтын жандар отыруы керек. Сонымен бірге, біз Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және басқа да әртістері жобаға қатысатын елдердің әрқайсысынан көрермен келеді деп келісім жасасып қойдық. Біріншіден, ол объективті пікірлердің қалыптасуына көмектессе, екіншіден, шынымен да нағыз мықтыны анықтайтын халық қазылығы дегеніміз осы», — дейді Бағдат Қожахметов.

Аталмыш жобадағы «Халық қазылығының» құрамына енуге кез келген қазақстандық үміт білдіре алады. Жасына шектеу қойылмайды.

Айта кетейік, жобаға қатысу үшін  үшін «Халық қазылығы» деген белгі салып, [email protected] мекенжайына өзіңіз жайында ақпаратты және әлеуметтік желідегі парақшаның сілтемесін жіберу керек.

ДереккөзMassaget.kz