Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыдағы Nordic Film фестивалінде скандинавиялық фильмдер тегін көрсетіледі

©24.kz

Аталған кинофестиваль 27 тамызға дейін жалғасады. Қала тұрғындарына бұрын кинотеатрлардан көрсетілмеген Швеция мен Норвегияның үздік фильмдері ұсынылады.

Көрсетілім «Бункер» арт-бөлмесінде, «Cafeteria» қалалық дәмханасында және Дүйсенов пен Брусиловский көшелеріндегі саябақта орналасқан «Көршілер театрында» өтеді. Кіру тегін.

Көрермендер Пернилла Аугустоның «Салмақты ойын» фильмі мен Мартин Хёгдальдың «Мұзды айдаһар» картиналарын, сондай-ақ Бент Хамердің «1001 грамм» және Ганайлд Уэстаген Магнордың «Белсенділер» фильмдерін тамашалай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version