Аталған кинофестиваль 27 тамызға дейін жалғасады. Қала тұрғындарына бұрын кинотеатрлардан көрсетілмеген Швеция мен Норвегияның үздік фильмдері ұсынылады.
Көрсетілім «Бункер» арт-бөлмесінде, «Cafeteria» қалалық дәмханасында және Дүйсенов пен Брусиловский көшелеріндегі саябақта орналасқан «Көршілер театрында» өтеді. Кіру тегін.
Көрермендер Пернилла Аугустоның «Салмақты ойын» фильмі мен Мартин Хёгдальдың «Мұзды айдаһар» картиналарын, сондай-ақ Бент Хамердің «1001 грамм» және Ганайлд Уэстаген Магнордың «Белсенділер» фильмдерін тамашалай алады.