Ақбота Сейітмағамбет “Тақиясыз періште” фильміне түсіп жатыр

«Тақиясыз періште»атты ситкомның түсірілімі басталды. Көпсериялы фильмді Алматы қаласында «Строя» және «Такая Life» ситкомдарын шығарған «ДК production» студиясы түсіріп жатыр.

“Тақиясыз періште” фильмінің сюжеті “Тақиялы періште” фильмінікіне ұқсайды. Ситком өзіне келін іздейтін ана туралы «Q-елі» скетчінің новелласы негізінде түсірілген. Бірақ, жаңа хикаяда басты кейіпкер әйел алып, ата-анасымен бірге тұрады. Отбасының басынан түрлі қызықты жағдайлар өтеді.

Фильмде жаңа түскен келіннің рөлін Kesh You тобының бұрынғы әншісі, Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» фильмінде актриса болып дебют жасаған Ақбота-Нұр Сейітмағамбет сомдайды.

Авторлардың айтуынша, хикая 20 күн бойы түсіріледі. «Тақиясыз періште» «Жетінші арнаның» эфирінен 2017 жылдың қазан айының ортасында шығады.