Басты бетЖаңалықтарМәскеуде Сарайшық...

Мәскеуде Сарайшық қаласы енгізілген «құпия» карта табылды

Мәскеу қаласынан көне шаһар Сарайшық енгізілген «құпия» карта табылды.

Марат Қасеновтің айтуынша, табылған «құпия» карта 18 ғасырға тиесілі екен.

«Бұл карта арқылы тың мәліметтер қолымызға тиіп отыр. Бір кездері Ұлы Жібек жолының бойынан орын тепкен тарихи мекен аумағы уақыт өткен сайын кішірейіп келеді. Оның көп бөлігі су астында қалып, тек 20 пайызы ғана сақталып отыр. Бұған ескі үйінділерді лезде шайып әкететін Орал өзені сеп болуда. Қайта биыл жағажайды бекіту жұмысы қолға алынды» – дейді ол.

Бұдан бөлек, қазба жұмыстары кезінде жылытуға арналған пеш пен ХVІІІ ғасырдағы тиындар және күміс, бойтұмар, сүйек пен қыштан жасалған бұйымдар табылған.

Айта кетейік, Сарайшық «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енгізілді.

Дереккөзatr.kz