Мақпал Жүнісова: Екі жас депутат бомай-ақ әндерін айтып, тыныш жүрсін (видео)

Ал, былтыр танымалдылығы жағынан талантты әншілердің өзін басып озған МС Сайлаубектің бағы ашылды. Түсініксіз тілде ән шырқап ғаламторды дүр сілкіндірген рэперді мұсылмандар одағы депутат мінберінен көргісі келетінін ашық білдірген болатын.

Алайда, біраз өнер иелері тапсырыстар жоқ деп шетелде көсіліп демалып жатқанда рэпердің жұмысы қауырт. Мүлдем бос уақыты жоқ. Дегенмен, ол ел қалаулысы болғысы келеді. Бірақ, ол үшін танымалдылығымды одан сайын арттыруым керек деген рэпер бар күшін салып жатыр.

Сонымен қатар МС Сайлаубек сайлауға биыл қатыспағанымен, болашақта бағын сынауға дәмелі. Рэпер бүгінде сол мандатқа сай болу үшін шешендік өнер дәрістеріне қатысып жүр.

Сайлауға қатысу үшін, партия тізіміне іліккен Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова өзге әріптестеріне қарағанда көп сыналды. Бұл жәйтқа бей-жәй қарай алмаған Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің пікірін баспасөз беттерінде ашық жариялауға көшкен. Осы мәселеге байланысты сұхбат алу үшін біз де  хабарласқан едік, емделіп жатқанын айтып, тек телефон арқылы жауап берді.

Тіпті, түрлі әлеуметтік желілерде Қайратты келемеждейтін суреттерді көрген Гүлзира ханым оларды біреулер қасақана жасап отыр деген пікірде. Ал Қайраттың өзі депутаттық үшін өнерден де бас тартуға дайын екен. Ал, Қайраттың алдындағы буынның сайлауға қатысты пікірі әр түрлі.

Ал, әнші Жанар Дұғалованың экс-продюсері Баян Есентаева оның депутаттыққа ұсынылып жатқанын естігенде:

«Дұғалова депутат болатындай ештеңе бітірген жоқ»

деп бірден ойындағысын айта салғанын жасырмайды. Кейін ақылға салып, өз пікірін өзгерткен.

Дегенмен, мәжіліс депутаты мандатына  шоу-бизнес өкілдері мен спорт маймалмандарын тарту идеясы таңсық дүние емес. Алайда, шетелде оларды сайлау науқанына атсалысу үшін ғана тартатын көрінеді. Ал, додада кімнің атқа шауып, кімнің босқа шапқаны бір жарым айда-ақ анықталады.

Дереккөз31.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жанар-жағармайды шекарадан шығаруға қойылған шектеу тағы ұзарады

Елімізде автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға салынған шектеу алты айға ұзарады.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда басталады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

70-ке жуық оқушыға Ақордада экскурсия ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына гүл қою рәсімі өтеді

Алматылықтар үшін 31 мамыр күні  еске алу орындарына баратындарға көліктер ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.