БҚО-да «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті жиыны өтті

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов сөз сөйледі.

-Бүгінде «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесіне 29 жасқа дейінгі 320 жас мүше. Олардың 22-сі мемлекеттік қызметкер, 123-і білім беру және мәдениет салаларында, 6-ауы шағын бизнес өкілдері, 11-і денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 12-сі шарауа қожалықтарының өкілдері, қалған 81-і жұмыссыздар. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері ауданымызда партияның доктринасында белгіленген құндылықтарды насихаттауда, жастарды қоғамдық өмірге жұмылдыруда көптеген істер атқаруда. Партиялық жоба аясындағы акцияларға белсенді қатысуда,-деді Марат Тоясов.

Конференцияда жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Басқосуға қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков сұрақтардың барлығын мұқият зерделейтіндігін айтты. Жиында «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесі кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, төрағалығына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Райымбек Нұрекешов сайланды.

«Біздің бәріміз, бір халықтың балалары, алдағы уақытта да негізгі құндылықтарымыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілікті, бірлік пен келісімді қорғайтын боламыз. Біз адамның баға жетпес жеке тұлғасын, оның бостандығы мен құқығын мойындауға негізделген әділеттілік пен заң үстемдігі идеяларына адалмыз. Біз келешекке батыл қараймыз. Біз мықты азаматтық қоғаммен, белсенді және жауапкершілігі жоғары үкіметтік емес ұйымдармен өзара әріптестік қарым-қатынас болғанда ғана транспарентті және есепті мемлекеттіқалыптасу мүмкіндігіне сенімдіміз. «Жас Отан» өз жұмысында «Нұр Отан» партиясының негізгі қағидаттары – ашықтық, жауапкершілік, есептілік пен тиімділікті басшылыққа алады», — дейді жасотандықтар.

Тоқтар Ғабдірешұлы