Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның нағыз қабірі табылды

Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның нағыз қабірі табылды

РОБИН АКРОЙД / СУРЕТ ДОМИНИК ПОНСФОРДТЫҢ БЛОГЫНАН АЛЫНДЫ

Акройд бұл туралы өзінің Genghis: Sacred Tomb, Secret Treasure (Шыңғыс: қасиетті қабір, құпия қазына – ауд. 24kz) кітабында жазды деп хабарлайды 24.kz.

Бұл кітапта келтірілген мәліметтерге сәйкес, Ұлы қолбасшының құпия жерленген жері – Моңғолияның солтүстік бөлігіндегі таудың шыңы. Бұл жерге оның немересі Қытайдағы Юань династиясының билеушісі болған Құбылай да жерленген болып шықты. Адамзат үшін аса маңызды ғылыми жаңалық жолында Акройдтың өзі 700 шақырым жерді атпен жүріп өтіп, Құпия жерленген қабір аймағына сапар шегіп, нағыз көшпендіге айнала жаздаған.

Оның айтуынша, 1227 жылғы тамызда Қытайдың солтүстік бөлігінде көз жұмса да, хан Шыңғыстың мәйіті Моңғолияға әкелініп жерленген.

«Бұрынғы кездері көз жұмған моңғол хандарын халқы көзі тірісіндегі барлық керек-жарағымен қосып, қастерлеп-қадірлеп жерлеген болса керек. Оның арасына, тіпті құнды заттарды салған болуы мүмкін», — дейді журналист.

Шыңғыс ханның қабірін Ұраңқай тайпасының сарбаздары күзетуге міндеттелген. Олар осы қызметі үшін барлық салықтар мен өзге әскери қызметтен толық босатылған. Осы арадан келіп, «Ұлы қолбасшының жерленген жерін көрген сарбаздардың басы шабылды» деген тарихи деректің жалған екендігі анықталды. Ежелгі моңғол тілінде жазылған мәтіндерді аударып шыққан Акройд, Шыңғыс ханның жерленген жері туралы тарихшылар осыған дейін айтқан деректердің шындыққа сай келмейтіндігін алға тартты.

Айта кету керек, оның бұл тұжырымын Моңғолия үкіметі қабылдап, қош көріпті.

Дереккөз24.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Теңіз кен орнының аумағында газ бөлу кешені салынады

KMG PetroChem мен Теңізшевройл газ бөлу кешенін салу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Алматы зообағына Мәскеуден ақ аю әкелінді

Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан ақ аю жеткізілді. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады.