Басты бетЖаңалықтарАлматының Орталық...

Алматының Орталық мешітінде имамдар жиыны өтті

Жиын барысында жат ағым өкілдері қатарына кірген азаматтардың не себепті оларды таңдауы себептеріне пікірлер жинақталып, қорытынды шығарылды.

Қорытынды нәтижесінде Қазақстан азаматтары мына қарапайым қағиданы біліп жүрулері қажет делінді: Азамат, өзінің мұсылмандық міндеттерін имамдардан үйреніп оған амал етуі; жат ағымның негізгі сипаты: ол бағытта міндетті түрде адамның нәпсісіне ұнайтын амалдың болатындығын білуі керек. Мысалы: «Әйелің ұнамай қалса талақ ете сал», «ұрланған ұялы телефондарды сата беруге болады егер ұялы телефон иесі намаз оқымаса»,- деген секілді пікірлер жат ағым өкілдерінде жиі кездеседі. Бұл амалдар жалқау, ішкі дүниесі бұзылған адамдарға ұнап жатады.

Айта кетейік, Алматы қаласында 200-ден астам мешіт қызметкерлері бар. Әрбір қызметкердің өздеріне бекітілген міндеттері айқындалған.