Мұндай шешім Капустинаның допинг-сынамасынан оң нәтиже табылған соң қабылданған. Осылайша, әлем чемпионы атағы эквадорлық зілтемірші Айови Кабесасқа өтеді, күміс медаль — украиналық Анастасия Шишановаға, ал қола — мексикалық Лизабет Руис Ноласкоға.
Қазақстандық ауыратлет допинг үшін чемпиондық атағынан айрылды
Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасаған Quadratin агенттігінің мәліметінше, қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина 2015 жылы Перуде өткен жасөспірімдер чемпионатында жеңіп алған алтын медалінен қағылды, деп жазады Sports.kz.
Ойбууу, осындай жағымсыз жаңалықтар көбейіп кетті ғой кейінгі кезде… Аллаһ қайырлы қылса екен! Өткенде жігіттер, енді жас қыздар. Мұнысы несі? Неге ол допингті жарысқа дейін немесе жарыс барысында анықтап, медальді бергенге дейін, жарыс соңына дейін анықтап тастауға болмас па екен?! Әбден жарыс бітіп, медалін алып, елге келген соң айтып, шулатып, көңілді қалдырып жататыны жаман екен…