Басты бет Жаңалықтар Сапарбаевтың сынынан кейін ақтөбелік мұнайшылар қытай-қазақ аудармашыларын жалдауға кірісті

Сапарбаевтың сынынан кейін ақтөбелік мұнайшылар қытай-қазақ аудармашыларын жалдауға кірісті

Ақтөбеде қытайлық «СНПС-Ақтөбелік транспорттық компания» мен «Шығыс мұнай және сервистік қызмет» компанияларының бірнеше есептік кездесулері өтті. Сапарбаевтың сынынан кейін екі ұйым да қазақ-қытай тілін меңгерген аудармашылар жалдаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев. Фото: Nur.kz

Айта кетерлігі, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үш аудармашы бойжеткеннің қазақ екеніне назар аударып, «қазақ қыздары қытай тілін меңгерген болса, қытайлықтар да қазақ тілін білуі тиіс», — деп әзілдеп үлгерді.

«Бұны өзара сыйластық деп атауға болады», — деді облыс әкімі.

Сапарбаевтың сынынан кейін ақтөбелік мұнайшылар қытай-қазақ аудармашыларын жалдауға кірісті
NEWTIMES.KZ

Аудармашылардың бірі Қытай тумасы екен. Ол тек қазақ және қытай тілдерін білетіндіктен, қасындағы әріптесі орыс тілінен аударуға қолғабыс болған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ұлы қорған» қазақ-қытай компаниясының өкілдерін қазақ тілін құрметтеуге шақырған болатын. Шенеунік ұжымға мемлекеттік тілде сөз сөйлегенде Қытай елінің өкілдеріне оны аударып беретін ешкім табылмаған.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев компания ұжымы алдында елдің экономикалық ахуалы туралы әңгімелеген кіріспе сөзінің соңында:

— Басшыларыңыз түсініп отыр ма? Аудармашы бар ма? — деп сұрады ұжымнан. Сол кезде компанияның ұлты қытай аудармашысы:

— Біз қазақшадан аудара алмаймыз. Егер сіз орысша сөйлесеңіз мен бірден аударар едім, — деді.

— Қазақ тілін білмеуіңіз дұрыс емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? — деп қайта сұрақ қойды облыс әкімі.

— Қазақ және орыс тілдері. — Жоқ, олай емес. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. Сондықтан қазақ тілін үйренуге де тырысу керек, — деді Бердібек Сапарбаев қытайлық компанияның қазақша білмейтін аудармашысына.

23 пікір

  1. Кушти азамат.. Бирак тытыш тыныш журип, сонгы кезде жаксы онерлер корсете бастады, жарайсын

    • Отирик халыка жагу ушин гои. …айтпесе булардын сыры белгили гои коздеринди кашан ашар екесин дер …бунын барин коз алдау ондай ертеги алеминен шыксандаршы

    • Халыққа жағып отырған жоқ сен ақ үндмей отырш

    • Бəкең нағыз еркек. Ол кісі ОҚО да əкім болған кезінде. Сол кезде де қаланы ретке келтіріп жақсы жұмыс атқарып кеткен. Так что əрдемені айтып далбасаламаңдар. Жұмыс істейтін басшы Бəкеңдей ақ істесін. Мемлекетіміз гүлденіп кетер ондай кісілер көөөөп болса

  2. Ои рахмет, осылаи сын аитатын адам болмаи журген гои. Бастыкар жасканшак, сен тимесен мен тиме деп журе береди

  3. Міне нағыз азамат талап қойды оны орындата да білді басқа басшыларға сабақ болса екен

  4. Басшылардың бәри осындай болса,қазақ тилин бари тез уиренуши еди.Өте дұрыс айтылған сөз.

  5. Агамыз оте керемет айтты. Казак тилинде барлык улт сойлей билу керек, Казакстанда туратындар!

  6. Тамаша! Тіл жанашырлары көбейе берсін лəйім! Ісіңіз бен бастамаларыңызда берекет болсын Бердібек аға!!!

  7. Басшы осындай болуы керек ко. ,кадагалау, тексеру сурау жазалау лайыкты енбегин багалау ушин тагайындалгасын жумыс истеу керек. Жаксы иси тарихта калад. Ал биреулер аким боп каншама жыл отырад боска тук битирмей.

  8. Әлхадиллә-бердібек ағамыздың ұлт намысын көтергеніне ризамын әр аймақтардағы әкімдерде осындай бағытты ұстаса ғой тіл мәртебесіне ерекше көңіл бөліп бір орыс сөйлесе соған ілесіп шәуілдей. жөнелмей

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version