Басты бетУниверсиада: Қоржынға...

Универсиада: Қоржынға қола түсті

Бекәділ Шаймерденов 73 келі салмақта сынға түсті. Ақтық кездесуде ол Тунистен келген Ред Бугерудан айласын асырып, қола жүлде жеңіп алды.

Қола медаль — Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарындағы бесінші жүлдесі.

Бұған дейін ауыр атлеттер Альбер Линдер мен Айдар Қазов алтын жүлде алса, Арли Чонтей және жүзгіш Дмитрий Баландин қола медаль жеңіп алған болатын.

5 жүлдемен Қазақстан құрамасы командалық есепте оныншы орында келеді.

Көш басында 25 жүлде (10 алтын, 5 күміс және 15 қола) жүлдесі бар Корея құрамасы.

Екінші орында 21 жүлдесі (7+11+1) Қытайлық Тайпэй тұрса, үздік үштікті Жапония құрамасы түйіндеп тұр. «Күн шығыс» елінің спортшылары 19 медаль (6+4+9) жеңіп алған.