«Канело» карьерасын 35 жасында аяқтайды

Кәсіпқой бокста бір рет қана жеңіліс тапқан "Канело" карьерасын қашан аяқтауды жоспарлап жүргенін айтты.

«Мен бокстан жасым 34 не 35-ке келгенде  бірақ кетемін. Дәл қазір менің барлық өмірім бокспен байланысты. Күш-қуатым бар кезде жекпе-жек өткізе беремін. Бірақ, денеңіздің өзі бокстан бас тартатын жағдайлар болып жатады. Тек сол уақыт келгенде ғана боксты қоямын. Ол уақытқа дейін карьерамды жалғастырамын», — дейді «Канело».

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Канело» кәсіпқой бокс шаршы алаңында 51 кездесу өткізіп, оның 49-да жеңіске жетсе, бір кездесуде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 34 кездесуде мексикалық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірген.

Өзінің келесі кездесуін Альварес 16 қыркүйек күні  Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкин болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version