Қаладағы қайырымдылық акциясы туралы ақпаратты Алихан Байқоңыров фейсбук парақшасында бөлісті.
Алихан мұндай тоңазытқыштарды алғаш рет Денвер көшелерінен көрген. Яғни, ірі дүкендердің алдында жағдайы мүшкіл отбасылар мен зейнеткерлерге арналған тегін тамақ беретін тоңазытқыштар орналасқан.
Это обычный витринный холодильник. Мы отдаем его даром. Но с одним условием. Читаем ниже.Каждый раз, когда вы уезжаете…
Опубликовано Алиханом Байконуровым 17 августа 2017 г.
«Сіздер демалуға алыс сапарға аттанған кезде үйлеріңізде бұзылып кетуі мүмкін азық-түлік міндетті түрде қалады. Мерекелік кештерден соң жеп тауысуыңыз мүмкін болмайтындай азық-түлік қалып жатады, бұзылған соң оны тастайсыздар. Бекер ысырап… Сондай-ақ, тамақ өнімдеріне қатысы бар орындардан да күніне бірнеше келі азық-түлік бекер қоқысқа кетеді. Осының шешімін тапқандаймыз. «Қайырымдылық тоңазытқыштарына» тұрғындар азық-түлікті қанша мөлшерде, қашан әкелгендерін жазып кетеді. Ал жағдайы жоқтар тегін алып тұрады. Тамаша ой!», – деп жазды ол.
Айта кетейік, тоңазытқыштар әлі орналаспаған. Алихан Байқоңыров тоңазытқыштарды қоятын ыңғайлы орын қарастырып жүргендерін жазды.