Басты бет Жаңалықтар Отандық «Заря» аяқ киімдері Ресейге экспортталмақ

Отандық «Заря» аяқ киімдері Ресейге экспортталмақ

Шымкенттегі "Заря" сауда белгісімен өнім шығарушы цехтің аяқ киімдері Ресейге экспортталмақ.

©Inform.kz

«Қазақстанда жасалған» деген таңбамен сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалған. Аталмыш цех ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық секілді 27 түрлі аяқ киім шығарады.

Цех иесі шикізаттың басым көпшілігін Шымкенттегі қаракөл зауытынан және  Алматы мен Семей қалаларынан алып отыр.

Бүгінде отандық өнімді өндіруші кәсіпкер Ресейліктермен келіссөз жүргізген. Келісім оң нәтижесін берсе, олар айына 1000 жұптан астам өнім алмақ.

Айта кетейік, өнімнің бағасы аса қымбат емес. Мәселен, ерлерге арналған аяқ киім 5-10 мың теңге, әйелдер аяқ киімі 5-15 мың теңге төңірегінде. Ал,  балалар аяқ киімі 4000-8000 теңгеден сатылады.

1 пікір

  1. Қандай әдемі аяқ киімдер. Бұл аяқ киімдерді Өскемен қаласына неге әкелмейсіздер, мен алар едім. Қаламызда Түркияның FLO деген магазинін орталықтан ойып тұрып ашты, жап-жаман аяқ киімімен толтырды, онысының өкшесі 10 см, кім алады оны, дизаины да көңілге қонымды емес.
    Сіздердің аяқ-киімдеріңіз көзге жылы ұшырады, келіңіз, товарыңызды әкеліңіз, Отандық аяқ киімді бізде кигіміз келеді, Россияға жібергенше, бірінші өз халқыңнан басташы, жақсы аяқ киімге бізде зәруміз. і
    Сәлеммен Айгүл

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version