Басты бет Жаңалықтар ЭКCПО: Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді

ЭКCПО: Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Астанада 29-30 тамыз аралығында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: Kazanfirst

«Жәрмеңкеде Жамбыл облысының тауар өндірушілері құны 166,2 млн теңге болатын 277,6 тоннадан астам тауар алып келеді. Оның ішінде 10 тонна ет (жылқы, қой, сиыр еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 7,5 тонна сүт өнімдері, 5 мың жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер, 1,5 тонна макарон өнімдері, 5 тонна өсімдік майы, 10 тонна қант, 1,5 тонна бал және 213 тонна көкөністер мен жемістер бар»,-делінген Жамбыл облысы баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, жәрмеңкедегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 8-10 процентке төмен болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version