Басты бет Жаңалықтар Астана қаласында мектеп жәрмеңкесі өтті

Астана қаласында мектеп жәрмеңкесі өтті

Аталмыш шара республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Астана әкімдігінің алаңында 21 тамыз күні  оқушыларға арналған мектеп жәрмеңкесі өтті.

Сатылымда отандық өндірушілердің мектеп формалары сатылды. Тауарлар  базардың бағасынан төмен бағада қойылды. Мәселен, канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 50%-ға дейін, мектеп формасы 10%-дан 20%-ға дейін, аяқ киім 10%-дан 25%-ға дейін жеңілдікпен сатылды.

Айта кетейік, шара аясында Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен концерт және қуыршақтар театрының қойылымы қойылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version