Қазақстанда бір адам жылына 20 келі тәтті жейді

Қазақстандықтар жылына адам басына шаққанда 18-20 келі кондитерлік өнім жейді. Бұл туралы Алматыда өткен алғашқы Кондитерлер форумында сарапшы мамандар айтты.

Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбектің айтуынша, жауын жауғанда тәтті жейтіндер көбейеді.

«Жағдайлары өте мәз емес болса адамдар карамель, печенье көп алады. Жағдайлары жақсы болса көбіне шоколад, кәмпит жейді. Кондитерлік сала адамдардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Сауда жүрмесе, аптап ыстық, жаз боп тұр деген сөз. Жауын жауса, тәтті жейтіндер көбейеді», — деді ол.

Жүргізілген талдауларға сәйкес, әр қазақстандық азамат 1 жылда 18-20 келі тәтті жейді екен.

ДереккөзInform.kz