Басты бетЖаңалықтарҚарағандылық кәсіпкер 110 млн теңгеге туған ауылына спорт кешенін салып берді

Қарағандылық кәсіпкер 110 млн теңгеге туған ауылына спорт кешенін салып берді

Түгіскен ауылында бой көтерген спорт кешенінің құрылысын «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Көпбаев қаржыландырған. Жобаның құны – 110 миллион теңге.

Жаңа спорт кешенінде ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол, шағын футбол және күреспен айналыса алады. Жаттығу залы заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қайрат Көпбаев басқарып отырған «Мақсат» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырларының етті тұқымын өсіріп-бағумен айналысады. Бүгінгі күнде шаруашылықта отызға тарта адам жұмыс істейді.

Қарағанды спорт
egemen.kz
Қарағанды спорт
egemen.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да