Басты бет Қоғам 20 жасар жігіт электронды домбыра ойлап тапты

20 жасар жігіт электронды домбыра ойлап тапты

20 жасар өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тапты. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі электронды домбыра қолданысқа енді деп хабарлады.

©oreshinguitars.com

Электронды домбыраны ұялы телефоннан да тартып, ән шырқауға болады. Домбыра тартып үйрену үшін тегін бағдарлама жүктеп алу керек.

«Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы — Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы  «Apple» компаниясына ұсынып, авторлық құқық иесі атанды.

Нұрлан Бауыржанұлы Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің 2 курс студенті.

Бұл идея ЭКСПО  көрмесінде туындаған екен. Нұрланның жобасын іске асыруға  «қазақстандық Стив Джобс» атанып кеткен Арман Сүлейменов көмектескен.

«Қазіргі таңда қазақ жастары жаңашылдыққа ұмтылып, жаңа технологияларды игеруге күш салып жатыр.  Солардың бірі ретінде мен де өз бағымды сынап көруді жөн санап, алғашқы еңбегімді жүзеге асыруға тырыстым. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы телефоннан күй немесе ән тартуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаны мына сілтемеден тегін жүктеп алуыңызға болады», — дейді өнертапқыш.       

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version