- Ойымыз – материалды болғандықтан, не ойласақ, сол орындалады. Сондықтан әрдайым жақсы дүние ойлауға тырысыңыз.
- Кешіре біліңіз. Біреуге қанша ренжіп, ашулансаңыз да, кешіре біліңіз. Ренішін ішіне жинап, өкпелей беру – ауыр жүк, ауруға алып келеді. Сол себепті, жағымсыз ойларды сақтамаңыз.
- Өз шегіңізді біліңіз, өзіңізді тым қатаң мінемеңіз.
- Қымбат уақытыңызды өсекке жұмсамаңыз. Іштарлық уақытты бос жіберумен тең. Сізде сізге керектінің бәрі бар.
Барлығы үшін бәрін кешір
- Сергек кезде көбірек армандаңыз. Өткеннің проблемаларын ұмытыңыз. Әйтпесе, ол сіздің бүгінгі бақытыңызды жояды.
- Өшпенділікке жұмсайтындай өмір тым қысқа. Біреуге өшігудің қажеті жоқ. Барлығы үшін бәрін кешір.
- Өз бақытыңыз үшін өзіңіз ғана жауаптысыз. Көбірек күлімдеңіз және күліңіз.
- Қандай жағдай болса да, жақсы немесе жаман болсын, ол бәрібір өзгереді. Ең жақсысы әлі алда. Соған сеніңіз!
Ешнәрсе адамға оңайлықпен келмейді. Сол себепті бақытты болу, бақытты өмір сүру өз өз қолыңда!