Солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман басады. Кей жерлерде жел күшеюі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.