АҚШ инвесторларын Бурабай қызықтырып отыр

Кездесуде Ақмола облысы мен АҚШ  мемлекеті арасындағы экономикалық байланыстардың қазіргі жайы мен болашағы туралы әңгіме өрбіді.

АҚШ инвесторлары

«Еліміздегі  ірі аграрлық өңір саналатын Ақмола облысы астықтың 25 пайызын өндіреді және жыл сайын шетелдерге 2 миллион тоннадай бидай экспорттайды, – дей келе, аймақ басшысы  АҚШ мемлекеті мен астаналық облыстың сауда қатынасын дамыту бағытындағы мүмкіндіктерін атап өтті.

Өз кезегінде елші  таяуда АҚШ энергетика министрі Ричард Пери бастаған делегацияның ЭКСПО-ны көру үшін Астанаға келетінін, сол кезде американдық делегация өкілдерінің астаналық облыста да болатынын, мұның екіжақты тиімді байланысты нығайтуға игі ықпалы тиеді деп үміттенетіндігін жеткізді.