Ағымдығы жылдың 1 тамызынан бастап 800 млн теңге бөлініп, 130 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 5 өндірістік кәсіпорынды кеңейтіп, 381 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
«Талдықорған қаласының даму қарқыны тұрақты. Басты мәселелердің бірі — жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту алғашқы орында. Жастар практикасына 124 адам бағытталды, 47 азамат әлеуметтік жұмыс орнына тартылса, 689 азамат қоғамдық жұмысқа жұмылдырылған. Аталған кезеңде жұмыспен қамту органдарына 2985 адам өтініш берген. Олардың 1298 тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту деңгейі 43,5 пайызды құрайды», — деді Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев.