Алматы қаласы жылыту маусымына 63% дайын

2017 жылы қалада жүргізілген инженерлік желілердің көлемі тарихта болмаған көрсеткішке жетті.

«Биыл Алматыда маусымаралық уақытта ауыстырылған жылу желісінің көлемі рекордты көрсеткішке жетті. 30 шақырымға созылған магистральды желіні Кеңес Одағы тұсында да ауыстырмаған», — деді Ерлан Әукенов көшпелі жиын барысында.

Алматы басшылығы қала бойынша тозған тағы Қала билігі осылайша жалпы қала бойынша тозған құбырлардың 10%-ын жаңалауды көздеп отыр. Бұл құбырлардағы апатты жағдайларды азайтып, тұтынушыға берілетін жылуды жоғалтудың алдын алады.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыдағы су желілерінің салыну көрсеткіші де рекордты бұзған. 2017 жылы Алматыдағы су желілерінің жалпы ұзындығы 11,8% -ға, яғни 3 165 шақырымнан 3 539 шақырымға артады. Ал кәріз каналының ұзындығы 20,7%-ға, яғни, 1 619-дан 1 955 шақырымға артады. 284 шақырымдық жаңа су желісін іске қосу орталық сумен қамту жүйесіне 35 мың үйді қосуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Ерлан Әукеновтың биыл 317 шақырым су желісі мен 265 шақырым кәріз желісіне 25,5 млрд теңге бөлінген.

«Қазіргі таңда су желісінің 55% дайын, болса, кәріз желісінің 59%-ы дайын», — деді Әукенов.