Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов екі айға қамалды

Шымкенттік кәсіпкерге қандай бап бойынша айыптар тағылғандығы белгілі болды. Төлешовтің қорғаушысы соталды тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Көп сұрақтарыңызға жауап бере алмаймыз. Кеше «қамауға алу» шарасы қолданылды», — дейді ол.

Адвокаттың айтуынша, Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы («қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу») және 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша күдікті деп танылған.

«Қандай да бір әрекеттердің заңдылығы туралы айту әлі ерте. Барлық процессуалды құжаттарды алғаннан кейін жеке баспасөз жиынын өткіземіз. Әдеби кітап тәркіленгені айтылды. Тоқтар Төлешов диссертация дайындап жүрген, сонымен байланысты болуы әбден мүмкін. Әдебиетке қатысты қосымша ештеңе айтпады. Нақты не және қандай мөлшерде тәркіленгенін әзірге айта алмаймыз», — дейді адвокат.

Айта кетерлігі, адвокат Төлешовтің нақты қайда қамауда отырғанын (ҰҚК немесе ІІД тергеу оқшаулағышы) дөп басып айта алмады.

Бизнесменнің адвокаттарының айтуынша, сот 2 ақпанда Төлешовті екі айға қамау туралы шешім шығарған деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Шымкент сыра дайындау зауытының өкілдері де баспасөз жиынын өткізіп, түсініктеме берді.

Қамал Атаджановтың айтуынша, «оқиғадан кейін зауыт өз жұмысын еш кедергісіз жалғастыруда».

«Құқық қорғау органдарының тарапынан ешқандай кедергілер жоқ. Желтоқсан айына жалақы жартылай төленді», — дейді Қамал Атаджанов.

Зауыт директоры «жалақы бойынша қарыздар» мезгілге орай болып тұрғанын, жазда көбірек сыра шығарылатынын алға тартты.

Оның айтуынша, Тоқтар Төлешовтің барлық міндеттерін әзірге оның ұлы атқаратын болады.

Еске салсақ, Шымкентте 30 қаңтар күні ірі арнайы операция жүргізіліп, Ішкі істер министрлерінің қызметкерлері мен арнайы жасақ кәсіпкерді құрықтаған болатын.

Кейін ІІМ жағдайға орай түсініктеме беріп, 4 адам қамауға алынғанын мәлімдеді. Олардың арасында сыра зауытының қожайыны Тоқтар Төлешов бар. Полицейлердің айтуынша, олардан қару, есірткі және әдеби кітап тәркіленген.

Дереккөзnur.kz