Басты бет Жаңалықтар «Астана» командасы «Селтиктен» ойсырай жеңілді

«Астана» командасы «Селтиктен» ойсырай жеңілді

Чемпиондар Лигасындағы алғашқы іріктеу матчында «Селтик» командасы «Астананы» ойсырата жеңді.

Глазгодағы ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен аяқталды — 5:0.

Алдымен 32-минутта Евгений Постников өз қақпасына доп соқса, артынша шотландиялық Скотт Синклер қатарынан екі гол салды (42-60 минуттарда).

Сондай-ақ Джеймс Форрестің тепкен добы қақпадан бір-ақ шықты (79), ал 88-минутта жерлестеріміз тағы да қателікке бой алдырды. Игорь Шитовтың аяғына тиіп, кейін серпілген теңбіл доп қақпаға кіріп кетті.  Бұл жеңіліс турнир тарихында «Астана» үшін ең ірісі болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version