Қанат Ислам жанкүйерлеріне 20 тамыз күні ашық жаттығу өткізеді

Ашық жаттығу 20 тамыз күні сағат 18:30-да Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аймағында өтеді. Жаттығуға Қанат Исламнан бөлек Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев секілді боксшылар қатысады.

Айта кетейік, Қанат Исламның келесі кездесуі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өтеді. Ол канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11 КО) кездеседі.

Дереккөзkaz.vesti.kz