Құрманғазы ауданының Асан ауылында тұратын 99 жастағы майдангер жесірі Уағиса Мұхтарқызы аудан әкімі Амангелді Барақатовтан шағын үй салып беруге көмек сұрапты. Ғасыр жасаған кейуананың өтінішін орындауға талпынған аудан әкіміне кәсіпкер Нұрлан Құсайынов қолдау көрсетіпті.
Сөйтіп, кәсіпкер жігіт аудан орталығынан 170 шақырым қашықтықтағы Асан ауылына құрылысшыларын, қажетті материалдар мен техникаларын ала келді. Нәтижесінде ғасыр жасындағы ана үшін жайлы баспананың құрылысы дереу басталып, аз уақытта аяқталды.
Жақында жасы 100-ге жақындаған Уағиса Мұхтарқызы келіні және 2 немересімен бірге жаңа баспанаға ие болды. Өзінің өтінішін аяқсыз қалдырмай, көл-көсір қуанышқа кенелткен қайырымды жандарға алғысын айтып, батасын берді.
Алла разы болсын!
Жаксы мактауга турай азамат осындай азаматармиз коп болсын апанин жасын берсин касипы арта берсин
Нағыз ер азамат екен кәсіпкер агамыз. Алла осы әженің жасын берсін. Басқа бинесмендер осы кісіден үлгі алар деп ойлаймын.
Жақсы жаңалық…
Ал қәне таратайық… Жақсының жақсылығын айтайық, нұры тасысын…
Алланын нуры жаусын
Апаның жасын кәсіпкерге берсін Ақшасы көптер осыны көрсін!
Нұреке Алла жар болсын! Иншаллах елімізде жүрегім Қазақ деген ер азаматтарымыз көп болғай .
Жарайсыз! Қиналғанда қол ұшын созатын Сіздей кәсіпкерлер азаматтық жасай берсін. Алла разы болсын.
оте жаксы ис истеди кудайдан кайтсын , балаларынын жамандыгын кормесин
Bundai el jagdain oilaitn agalarmyz aman bolsyn .al apa bul vide balashaganyzdin hizgin korip uzah jasaniz apa aman bploniz .sizdon jasinizdi barsha khazakh jastaina bersin .
Оййй кандай тамаша,нагыз азамат екенсиз,жетим балага да салып берсе ширкин уй жалдап кангымас едик,????????